Шетелде адам ұрлаған күдікті Ақмола облысында ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қырғызстан Республикасында адам ұрлау және қарақшылық қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 29 жастағы күдікті Ақмола облысында қолға түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, күдіктіні Степногорск қаласындағы көшелердің бірінде кетіп бара жатқан кезінде тәртіп сақшылары тоқтатқан. Құжаттарын тексеру барысында күдіктінің 29 жастағы қазақстандық және оның Қырғызстан Республикасының ІІМ-мен ҚР ҚК 168 бабының 2 бөлімі (қарақшылық) және 123 бабының 2 бөлімі (адам тонау) бойынша 2014 жылдың ақпан айынан бері халықаралық іздеуде жүргені анықталды.

«Қазіргі кезде, күдікті ұсталып, куәгерлерден түсініктеме алынды. Тергеу амалдары одан әрі жалғасуда, іс материалдары қырғызстандық әріптестерге жолданды», деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметі.

Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында 75 қылмыскер қолға түсті. Оның 16-на халықаралық іздеу жарияланған. 

Соңғы жаңалықтар