Шетелде 5 миллионнан астам қандас тұрады - Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шетелде 5 миллионнан астам этникалық қазақ тұрады. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ғалымдар, әр ғылыми зерттеу орталығы түрлі мәліметтерді келтіріп жатыр. Кейбір орталықтар шетелдегі этникалық қазақтар саны 7 миллион десе, басқалары өзге мәліметтерді жариялауда. Біздегі мәліметке қарағанда, яғни ресми дерек бойынша осыдан бірнеше жыл бұрын 5 миллион болған. Қазіргі кезде шетелдегі этникалық қазақтар 5 миллионнан асты», - деді Сырымбек Төлеуұлы.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының мәліметінше, ресми дерек бойынша этникалық қазақтар саны 6 миллионға жеткен жоқ.

«Қандастардың көбісі Өзбекстанда, Қытайда, Ресейде және Моңғолияда өмір сүріп жатыр. Түркия мен Еуропада да бар, бірақ айтарлықтай көп емес», - деді С. Төлеуұлы.


Соңғы жаңалықтар