+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Шетел түрмелерінде қанша қазақстандық отыр

2020 жылғы 24 қыркүйек 12:00
Бөлісіңіз:
Шетел түрмелерінде қанша қазақстандық отыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов шет елдердегі түрмелерде қанша қазақстандық отырғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұтқындарды алмастыру бойынша халықаралық келісімшарт 21 мемлекетпен жасалды. 2019 жылы - 28, 2020 жылы - 10 адамды алмастырдық. Алдағы уақытта Өзбекстан, Кипр, Доминикан Республикасымен осындай келісімге келуді көздеп отырмыз», - деді депутат Сүйіндік Алдашев Парламент Сенатының отырысында.

Өз кезегінде Марат Ахметжанов шетелде жазасын өтеп жатқан қазақстандықтардың басым көпшілігі Ресейде екенін айтты.

«Бүгінгі күні 735 адам шетелдердегі түрмеде отыр. 70 пайызы, яғни 537-і Ресейде. Олар біздің елдің азаматтары саналғанымен олар сонда жұмыс істеген, отбасыларын сонда көшіріп, сол жақта өмір сүрген азаматтар. Олар қайтыс келем десе, мүмкіндіктері бар. Екі елдің келісімшарты негізінде қайта алады. 2019-2020 жылы Ресей тарапынан үш азаматтың қайтарудан бас тартылды. Алдымен шығынды өтеуі керектігін алға тартты. Біз қазір мұндай келісімді Өзбекстанмен жасауды көздеп отырмыз. Себебі онда біздің 24 азамат түрмеде жазасын өтеуде. Ал біздің түрмеде Өзбекстанның 400 азаматы отыр. Егер осы келісімшартқа қол жеткізсек, бізде жазасын өтеушілерді өзара алмасу мүмкіндігі пайда болады», - деді спикер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT