Шетел телеарналары құқықтық кеңістікке шығарылды - Дәурен Абаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 88 телеарнаның жабылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«88 телеарнаны жауып жатқанымыз туралы жариялаған кезде, біз екпінді басқа мәселеге қойған едік. Осы орайда Қазақстанда 219 шетел арнаның өкілдіктері ашылғандығына екпін жасадық. Осыған дейінгі Тәуелсіздік жылдарында мұндай болмаған еді. Қазіргі кезде барлық шетелдік телеарналарды құқықтық кеңістікке шығардық. Яғни, барлық шетел телеарналарының Қазақстанда өкілдіктері бар. Сәйкесінше, олар талапқа сай өкілдіктерде жұмыс істеп жатыр», - деді министр Үкімет отырысынан кейін журналистерге.

Сонымен қатар, Д. Абаев жабылған телеарналар болашақта ел аумағында жұмысын қайта жандандыру мүмкіндігін жоққа шығармады.

«Олардың жұмысына шектеу енгізу - телеарналардың алдағы уақытта Қазақстан аумағында ешқашан жұмыс істемейді дегенді білдірмейді. Егер де олар өздерінің өкілдіктерін ашқысы келсе, заңнамамен бекітілген барлық рәсімдерді орындауы тиіс. Осыдан кейін Қазақстан аумағына қайта оралу мүмкіндігіне ие болады», - деп түйді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар