Шетел азаматы Ақмола облысында жол апатын жасап, бір адам көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында «Нұр-Сұлтан – Петропавл» тасжолының 313-шақырымында көлік апатынан бір адам көз жұмып, тағы бірі зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары анықтағандай, Петропавл қаласына бағыт алған «Renault» жүк көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Volkswagen Passat» жеңіл көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 51 жастағы жүргізуші сол жерде көз жұмды. Ал, оның жолаушысы 47 жастағы әйел дене жарақатын алды. Жол апатына себепкер жүк көлігінің 55 жастағы жүргізушісі Украина елінің азаматы. Апат алдында оның «жүрек талмасы» ұстап қалған», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде адам өліміне алып келген жол апатына байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар