Шетел азаматтарының Қазақстанға келуі баспана нарығына қалай әсер етті

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шетел азаматтарының Қазақстанға келуі баспананы жалға алу құнына әсер етті. Бұл туралы Біріккен риэлторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шетел азаматтарының елімізге келуі жылжымайтын мүлік құнына әсер ете қоймады. Дегенмен олардың елімізге келуі баспананы жалға алу құнына ықпал етті», - деді Н.Лукьяненко ҚазАқпарат агенттігіне берген жауабында.

Сонымен қатар сарапшы Қазақстанға келген шетел азаматтарының барлығы бірдей жылжымайтын мүлікті сатып ала бермейтінін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, баспана нарығында мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің саны азайды .

Қазақстанда баспана бағасының тұрақтанып келе жатқаны байқалып отыр.

Н.Лукьяненконың айтуынша, жыл басынан бері бағаның өсімі бір айда 2,1-5,5 пайызды құраса, мамыр-шілдеде баспана құны оның жаңа немесе ескі болуына қарай қалыптасты. Бұл тұрғыда баспананың түріне қарай 0,4 пайыздан 1,7 пайызға дейін өсті.



Соңғы жаңалықтар