Шетел әуе компанияларының Қазақстанға жаңа рейстері арта ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірқатар шетелдік әуе компаниялары Қазақстанға жаңа рейстерді ашуға қызығушылық танытып отыр.
Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті тарапынан Қазақстанға әуе сапарларын орындау үшін шетелдік жаңа әуе компанияларын тарту бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде. Жыл сайын Қазақстанның өзге мемлекеттермен әуе байланысын кеңейту тұрғысында авиациялық билік өкілдерімен көптеген кездесулер өткізіледі. Қазіргі уақытта елімізге жаңа рейстерді ашуға және оларды кеңейтуге ниет білдірген бірқатар шетел әуе компаниялары бар», -делінген ведомство мәліметінде.
Атап айтқанда, алдағы жылдары Доха (QatarAirways, 2020 жылы), Шанхай (ChinaEastern, 2021 жылы), Дубай (Emirates, 2021 жылы), Тель-Авив (SCAT, 2020 жылы), Сингапур (2020 жылы), Нью-Йорк (2023 жылы) бағыттарында рейстерді ашу жоспарланған. Сонымен қатар, Варшаваға рейстер (LOTPolishAirlines, 2020 жылы) санын арттыру көзделген.
- Тағы 431 қазақстандық шетелден коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келді
- Қазақстанда төменгі сынып оқушыларының 56% үйірмеге бармайды – зерттеу
- Елордада жоғалған жасөспірім табылды
- Коронавирусқа шалдыққан 300-ге жуық науқастың жағдайы ауыр – министрлік
-
Еуропалық одақ COVID-19-дан «вакцинация төлқұжатын» енгізбек
-
Моңғол әншілері қазақтың танымал әнін орындады - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам