Шет тілін үйренудің ең оңай жолы қандай?

None
None
АСТАНа. ҚазАқпарат - Шет тілін үйрену туралы ойлаудың өзі қорқынышты. Мыңдаған бейтаныс сөз, мүлдем басқа грамматикалық құрылым бізді одан бетер шошытары анық. Ал жұмыс істеп жүргенде шет тілін үйренуге уақыт табу одан да қиын. Дегенмен, ВВС басылымының авторы шет тілін үйренудің оңай жолдарын қарастырып, көлемді мақала жариялапты.

«Сарапшылар күніне бір сағат уақыт шет тілін үйренуге арнап жақсы нәтижелерге жетуге болатынын айтады. Бастысы - қолданысын арттыру. Ал тіл үйрететін түрлі қосымшалар оған мүмкіндік бере бермейді», деп жазады автор.

Сонымен қатар, ол қиынға соғатын тілдерді төрт топқа бөледі.

«Ең қиын тілдер қатарына араб, қытай, жапон, корей тілдері жатады. Ал ағылшын тілін білетіндерге итальян, испан, португал, француз тілдерін үйрену оңайға соғады», - дейді автор.

Мақалада тіл үйренген кезде өзіңе ұнайтын тақырыптарда мақала оқып, аудио тыңдаудың маңызы зор екені айтылған.

«Шет тілін үйренгенде сол тілде аудио тыңдап, жиі-жиі сөйлеу керек. Шет тіліне күніне бір сағат арнау тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді», делінген мақалада.

Соңғы жаңалықтар