Шет мемлекеттер ЕАЭО-мен серіктестікке қызығушылық танытып отыр

Фото:
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Шет мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одаққа қызығушылығы өзара әрекеттестіктің бұрын болмаған әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді.

II Еуразиялық экономикалық форум алаңында журналистермен кездескен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол форумға 51 мемлекеттің өкілдері қатысып жатқанын еске салды, олардың қатарында мемлекеттік органдардың қызметкерлері, кәсіпкерлер мен БАҚ қызметкерлері бар.

«Шет елдердің Еуразиялық одаққа деген қызығушылығы әлі де жоғары. Индонезиядан келген делегация шамамен үш жүз адамнан тұрады. Бұл алып мемлекеттің бізге деген қызығушылығының үлкен екенін көрсетеді», - деді М.Мясникович.

«Біз форумға қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, өзара іс-қимылдың болашақ перспективаларын қарастырады деген ойдамыз», - деп түйіндеді ол.

24-25 мамырда Мәскеуде ІІ Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр. Шара ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына орайластырылып отыр.

Осыған дейін Мәскеуде II Еуразиялық экономикалық форум басталғанын жазған едік.

Нарымбек Ысмағұлов


Соңғы жаңалықтар