Шет мемлекеттер басшылары ҚР Президентін Ораза айт мерекесімен құттықтауда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен Ораза айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр. Бұл туралы Ақордадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құттықтау хаттарында олар Мемлекет басшысына зор денсаулық, бақыт және табыс тілеп, ал, Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Иордания Королі ІІ Абдалла, Кувейт Әмірі шейх Наууаф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах, Кувейттің Тақ мұрагері Машаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Иран Президенті Хасан Рухани, Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани, Палестина Президенті Махмуд Аббас, Йемен Президенті Абд Раббо Мансұр Хади, сондай-ақ, Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев және Иерусалим Патриархы III Феофил өздерінің құттықтау жеделхаттарын жолдады.

«Құттықтау хаттары әлі де келіп түсіп жатыр», - делінген Ақорда сайтында.


Соңғы жаңалықтар