Шет елдерде 7 500 қазақстандық қалып қойды - СІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шет мемлекеттерге туристік сапармен барған 7 500 Қазақстан азаматы елге орала алмай отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Сыртқы істер министрлігі төтенше жағдай уақытында жұмысын тәулік бойы істеп жатыр. Орталық аппаратта күнделікті кезекшілік орнатылды. Қазақстанның барлық шет мемлекеттердегі Елшіліктерінде, бас консульдықтарында азаматтарымызға көмек көрсету мақсатында арнаулы телефон желілері қосылды», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінде ұйымдастырылған брифинг барысында Шахрат Нұрышев.

Оның дерегінше, шет мемлекеттерден 7 500 Қазақстан азаматы елге орала алмай отыр.

«Қазіргі уақытта шет мемлекеттердегі әуежайлар жұмысының тоқтатылуына байланысты қалып қойған азаматтардың мұң-мұқтаждарын тыңдап, оларға барынша көмек көрсету бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Әсіресе, ұшақтардың тоқтауына байланысты оларды қонақ үйлерге орналастыру, Қазақстанға қайта оралуына көмектесу мәселелеріне баса назар аударып отырмыз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар