+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шешім бүкіл оқу жылы бойы күшінде болады – министр мектеп формасының міндеттелмеуі жайлы

2020 жылғы 11 шілде 16:08
Бөлісіңіз:
Шешім бүкіл оқу жылы бойы күшінде болады – министр мектеп формасының міндеттелмеуі жайлы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп формасын оқушыларға міндеттемеу туралы шешімге не себеп болғанын түсіндірді, мектеп формасының міндеттелмеуі жайлы.

«Егер біз дәл қазіргі уақытта бұл шешімді қабылдасақ, ата-аналардың экономикалық жағдайын да ескеріп отырмыз. Қазір ата-аналардың біразы экономикалық қиындықты өткеріп жатқанын айтқандықтан, мектеп формасы қалтасына салмақ болып түсетіндіктен, біз дәл осы биылғы оқу жылында осындай шешімді қабылдадық. Уәкілетті орган ретінде биылғы оқу жылында мектеп формасын кию міндеттелмейтінін жария етсек, яғни министр ретінде осы жауапкершілікті өз мойныма алар болсам, онда биылғы оқу жылы – дәстүрлі болса да, қашықтан болса да бұл шешім күшінде болады», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде.

Министрдің айтуына қарағанда егер биылғы оқу жылының басында немесе ортасында мектеп оқушылары дәстүрлі оқу сипатына оралса, мұғалімдер бәрібір де балалардан мектеп формасын киюді міндеттей алмайтынын жеткізді.

«Бұл шешім бүкіл оқу жылы бойы күшінде болады. Ал егер оқушылардың кейбірінде мектеп формасы болса, онда киюіне мархабат», - деді ол.

Еске сала кетсек Асхат Аймағамбетов Қазақстанда алдағы оқу жылында оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейтінін хабарлаған еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT