Шешенстанда қарулы жасақ арасындағы атыстан 2 адам мерт болды

None
None
ШЕШЕНСТАН. ТАСС-ҚазАқпарат – Шешенстанда ерекше мақсаттағы мобильді жасақ (ОМОН) пен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ (СОБР) арасында атыс болды. Екі адам көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Шешенстандағы Ачхой-Мартан ауылындағы кафе жанында ЕММЖ және ЖҚАЖ қызметкерлері арасында атыс болған. Соның салдарынан екі адам қайтыс болған. Біреуі - Ресей гвардиясының қызметкері болса, екіншісі – азаматтық тұлға. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің саны анықталуда», – дейді агенттікке сұхбат беруші.

Оның айтуынша, атыс себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.


Соңғы жаңалықтар