Шертпе күй фестивалінің финалы Алматыда өтеді

2022 жылғы 28 қараша, 13:57
Шертпе күй фестивалінің финалы Алматыда өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі 3 желтоқсанда Алматы қаласында қорытындыланады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағаның орынбасары Данияр Әлиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«16-23 қыркүйекте 16-35 жас аралығындағы күй саласының білікті мамандары мен жастар қатысқан республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өз межесіне жетеді. Атап айтқанда, ол 3 желтоқсанда Алматы қаласында Құрманғазы атындағы оркестрде қорытындыланады. Бас жүлде - 1 млн теңге. Ал, 1-орын - 750 мың, 2-орын – 500 мың, 3-орын – 300 мың теңге», - деді Данияр Әлиев.

Сонымен қатар, аталған фестивальге қатысушыларға арнайы сыйлықтар да табысталады.

Конкурстың финалында бақ сынайтын 45 домбырашының өнеріне Жанғали Жүзбай, Секен Тұрысбеков, Біләл Ысқақов, Мұрат Абуғазы және Батыржан Мықтыбаев сияқты шертпе күйдің майталмандары қазылық етеді.


Ұқсас жаңалықтар
Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar