14.07.2022 17:08 Биіктен құлағалы тұрған баланы құтқарып қалған жас түлекке білім гранты табысталды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов көп қабатты үйдің терезесінен құлағалы тұрған баланы құтқарып қалған елордалық мектеп түлегі Есдәулет Дәуітбековке білім грантын табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14.07.2022 16:22 Барлық ірі мердігерлер мен олардың артында кім тұрғанын білеміз - Антикор жол құрылысындағы жемқорлық жөнінде НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мемлекет басшысының бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыруға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14.07.2022 15:21 «Базз Лайтер» Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді - Дәурен Абаев НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қызу талқыға түскен «Базз Лайтер» анимациялық фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейтінін мәлім етті. Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
14.07.2022 14:08 Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінің толық мәтіні НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқакевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Ақорданың ресми сайты Президенттің жиында сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялады.
14.07.2022 10:20 Ван Гогтың беймәлім автопортреті табылды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ғалымдар Ван Гогтың бұрын белгісіз болған автопортретін тапты. Ол суретшінің Шотландиядағы ұлттық галереясында сақтаулы тұрған «Ақ қалпақтағы шаруа әйел портреті» атты әйгілі картинасының артына қыстырылып қалған екен. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
14.07.2022 09:48 Алматыда ірі көлемде дезинфекциялық заттарды заңсыз дайындау дерегі анықталды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті мамандары ірі көлемде «Септохим» маркалы контрафактілік дезинфекциялық заттарды заңсыз дайындау және сату дерегін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
14.07.2022 08:42 Елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1104 адам анықталды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1104 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
14.07.2022 08:21 Петропавлда 500 литрден аса қолдан жасалған алкоголь тәркіленді ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда 500 литрден аса қолдан жасалған алкоголь тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
14.07.2022 01:38 Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 14 шілде, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
14.07.2022 00:41 Биыл 576 ауылда 1 100-ден аса жоба жүзеге асырылады – Ұлттық экономика министрлігі НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл даму әлеуеті бар 576 ауылда 1100-ден аса жоба іске асады. Елді мекендерде әлеуметтік нысандар бой көтереді, ескілері жөнделеді. Сонымен қатар, ауыл ішіндегі жолдарды қалыпқа келтіру көзделген.
13.07.2022 20:56 Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Нұрлан Мәсімовті қалай ұстады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлтық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Павлодар облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовтың қалай ұсталғаны туралы мәліметтерді таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13.07.2022 20:31 Қазақстандық автокөліктердің бағасына утилизациялық алым қосылмайды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Автокөлік өндірісі саласындағы кәсіпорындар, оның ішінде «Аллюр» компаниялар тобы мемлекет тарапынан субсидияланбайды.
13.07.2022 19:05 Мәжіліс депутаты инфляция мен азық-түлік бағасының өсуіне байланысты өзекті мәселе көтерді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Аманжан Жамалов өзінің Facebook парақшасында инфляция мен азық-түлік бағасының өсуіне байланысты өзекті мәселе көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13.07.2022 19:00 Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші орнатылады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен қазақ ағартушысы, ғалым, ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.
13.07.2022 18:47 Азаматтар құқығының тапталуына жол беруге мүлде болмайды – Тоқаев НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қауіпсіздік саласындағы стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру кезінде азаматтар құқығының тапталуына және елімізде іскерлік климаттың бұзылуына жол беруге мүлде болмайды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
13.07.2022 18:41 ҚР Президенті: Ұлттық қауіпсіздік – мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шешуші факторы НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздік – мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шешуші факторы, деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында.
13.07.2022 18:37 Шынайы патриотизм атақ үшін емес, Отан үшін адал қызмет етуден көрінеді – Президент НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында бұл саладағы іс көбінесе ел назарынан тыс жүргізілетініне тоқталды, деп хабарлайды, ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
13.07.2022 18:31 Жарты жыл ішінде Қазақстанда 23 халықаралық және 40 аймақтық есірткі каналдары жойылған НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жарты жыл ішінде елімізде 15 есірткі лабораториясы, 23 халықаралық және 40 аймақтық есірткі каналдары жойылды.
13.07.2022 18:23 Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында ҰҚК органдарының ардагерлерін, офицерлері мен қызметкерлерін құттықтап, олардың Қазақстан мемлекеттігін нығайтуға қосқан үлесін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
13.07.2022 18:11 Нұрлан Мәсімов Ресеймен шекарадан жалған құжат арқылы өтпек болған кезде ұсталды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрлан Мәсімов Ресеймен шекарадан жалған құжат арқылы өтпек болған кезде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.