Шереметаның бапкері Геннадий Головкиннің дайындығы туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Польшалық боксшы Камил Шереметаның (21-0, 5 КО) тәлімгері Федор Ляпин спортшының келесі қарсыласы - қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) жаттығу барысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біз қаңтар немесе ақпан айларында жекпе-жекке дайындалып жүргенде Головкин тіпті жаттыққан да жоқ. Біз мұны білеміз. Бірақ біз Головкиннің онсыз да үлкен шебер екенін және ол басқаша жұмыс жасайтынын жақсы түсінеміз. Бізге оны қабылдауға және өз мүмкіндігімізді күтуге тура келді», — деді Ляпин.

Әу баста Головкин-Шеремета жекпе-жегі ақпан айына жоспарланған болатын, бірақ бірнеше рет кейінге қалдырылды. Бір мәрте Геннадийдің жарақатына байланысты, содан кейін АҚШ-та және әлемнің көптеген елдерінде коронавирус пандемиясының басталуына байланысты кейінге шегерілген болатын.

Енді жекпе-жек қазан айында өтеді деп жоспарланып отыр, ал нақты өтетін күні жақын арада жарияланады.


Соңғы жаңалықтар