Шереметьево әуежайына қонған ұшақ өртеніп кетті

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат- ТАСС - Мурманскіге бағыт алмақ болған SSJ-100 жолаушылар ұшағы Шереметьево әуежайына апаттық жағдайда қонған сәтте отқа оранды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне жексенбіде шұғыл қызметтен мәлім еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жолаушылар ұшағы Шереметьеводан Мурманскіге ұшып шыққан. Арада бірнеше уақыт өткен соң ол апаттық жағдайда қонуға рұқсат сұрады.

Ұшақ моторында шыққан өртке байланысты кері оралған», - дейді дереккөз.

Алдын ала болжамға қарағанда, зардап шеккендер бар.

Дереккөздің пікірінше, апаттық жағдайда қонған жолаушылар ұшағын найзағай соғуы мүмкін.

Жалын ұшақты түгел жалмады, абырой болғанда жолаушылар лайнерден шығып үлгерді.

Оның айтуынша, алты адам зардап шеккен. Ұшақ бортында 78 адам болған. Өрттің толықтай сөндірілгені хабарланды.

Фото: tass.ru

Соңғы жаңалықтар