Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 23 °С
Алматы: 31 °С
USD 340.27 EUR 396.31
RUB 5.39 CNY 52.39
Жаңалықтар

Шенген визасын алу жеңілдей түспек

2018 жылғы 14 наурыз 22:36 1151
Бөлісіңіз:
Шенген визасын алу жеңілдей түспек

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еурокомиссия шенген аумағына кіруді жеңілдететін Еуроодақ визалық ережелеріндегі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан визасын алу үшін кезекте ҚХР әскери оркестрі тұрған Дариға Назарбаева Орталық Азияның бірыңғай визасын қалыптастыруды ұсынды

«Біз ұсынған реформалар заңды құрметтейтін туристер үшін виза алу жұмыстарын жеңілдетеді. Сонымен бірге жаңа стандарттар бізге заңсыз енетіндердің жолын кеседі»,-деді Миграция, азамттық және іскі істер мәселелелерінің комиссары Димитрис Аврамопулос.

Ең үлкен өзгеріс виза жасау уақыты 15 күннен 10 дейін қысқарады. Сонымен бірге виза алуға өтінішті үш ай бұрын емес, жарты жыл бұрын беруге болады. Ал өтініш беру жұмыстары толықтай электронды нұсқаға ауысады. Осыған сәйкес Еурокомиссия визалық жинақ құнын 20 еуроға көтеруді ұсынды.

«Өтініштерді өңдеуге байланысты визалық жинақ құны 60 еуродан 80 еуроға көтеріледі. Бұл баға 2006 жылдан бері өзгермеген»,-дейді Еурокомиссия

Сондай-ақ, шенген аумағына кіретін елдер үшін шекарада  жеті күнге арналған қысқа мерзімдік виза беру ұсынылды. Оған ие болған туристер виза берген елдің аумағында ғана бола алады.

Ал Еуроодақ аумағына жиі келетін туристер 5 жылдық мерзімі бар визаға да қол жеткізе алады.

 

Фото: юрист-москва.com


Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат