Шенеуніктерді петиция арқылы орнынан алуға бола ма

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар петиция жазу арқылы шенеуніктерді қызметінен босата ала ма? Бұл сауалға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Лауазымды қызметке тағайындау және босату жөніндегі нормативтік рәсімдер бекітілген. Онда аталған процеске жұртшылықты тарту көзделген. Бүгінде кейбір ауыл әкімдерін халық өзі сайлап жатыр. Биыл аудан әкімдерінің сайлауы өтеді. Бұл механизм жауапкершілікті тартуды қамтып, аталған бағытта тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді. Осы орайда біз лауазымды қызметке тағайындау (әкім, министр, депутат) және босату мәселесін петиция жазуға рұқсат тақырыптар қатарына қосқан жоқпыз», - деді Мадияр Қожахмет «Аmanat» партиясы алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, өткен жылы 7 желтоқсанда Мәжілістің жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы мен қоғамдық бақылау жүргізу тәртібін реттейтін ілеспе құжат қаралған еді. Аталған заң жобасы арқылы петицияны беру мен қараудың ерекше тәртібі белгіленбек.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин петицияға жазуға тыйым салынатын тақырыптарға қатысты түсінік берген болатын.


Соңғы жаңалықтар