Шенеуніктерді отандық көлік мінуге міндеттеу қандай нәтиже бермек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов мемлекеттік сатып алулар аясында меморгандарға шетел автомобилі мен техникасын алуға тыйым салудан болатын нәтижемен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

«Бірнеше жылдан бері Кедендік одақ аумығында, яғни ЕАЭО аясында ұлттық режімнен алып тастау секілді түсінік қолданылып келеді. Осы жылдары біздің бизнес-қоғамдастық бұл ретте өтінім жасамады және мұндай жеңілдіктерді пайдаланбады. Өткен аптада ұлттық режімнен алып тастауды белгілеу бойынша Үкімет қаулысы қабылданды. Оның тізіміне автомобильдер, трансформаторлар мен кабельдер енді»,- деді А. Ержанов Үкімет үйінде өткен баспсөз мәслихатында.

Осы орайда ол аталған тыйым салудың тетігін түсіндірді.

Атап айтқанда, үш бірдей қауымдастық тиісті ұсыныс енгізіп, онда осы өнім түрлері бойынша ұлттық режімнен алып тастауды бекіту ескерілген. Бұл тұрғыда мемлекеттік сатып алуларды іске асыру кезінде машина жасау өнімдері үшін, яғни импорттық көліктерді алуға екі жылдық тыйым салу режімі бекітілді.

«Тек отандық өнім сатып алынады. Осы салаларда отандық кәсіпорындардың дамуы болады деп жоспарлып отырмыз. Бұдан бұрын осы үшін трансформатор мен автомобиль бойынша импорттық өнім алынған еді», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, шенеуніктер отандық көлік мінуге міндеттеледі.

Үкімет басшысы мемлекеттік сатып алуларға импорттық автокөліктерге 2 жыл мерзімге тыйым салу туралы Қаулыға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар