Шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту мақсатын 2021 жылы шешеміз – Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту мақсаты 2021 жылы шешілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқартуды жеделдетуді тапсырды. Осы орайда олардың санын биыл 10 пайызға, ал келесі жылы тағы 15 пайызға қысқартылады.

«Осы арқылы шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту мақсатын 2021 жылы шешетін боламыз. Нәтижелерге қарай және цифрландыруды ескере отырып, ары қарай қысқарту шешімін қабылдаймыз. Үнемделген қаржат есебінен қалған қызметшілердің еңбекақасы өседі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар