Шенеуніктер тағы бір сынақ тапсырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметшілерді жаппай цифрландыруға үйретуді тапсырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Мемлекеттік қызмет істері академиясында (ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы - авт.) цифрландыру бойынша арнайы семинарларды өткізу керек деп ойлаймын. Сол жерде кәсіби мамандар цифрландыруға жауапты орталық және аймақтық басшыларға бәрін жіті түсіндіріп берсін. Соңында барлығы емтиxан тапсырып, арнайы куәлік алсын. Осы мәселені пысықтап алу қажет. "Нұр Отан" партиясы да атсалысуы тиіс", - деді Н.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Айта кетейік, мәжіліс кезінде Мемлекет басшысы цифрландыру мәселелерін xалыққа кеңінен түсіндіруді жүктеді. "Цифрландыру барлық мәселелерімізді шешіп беретін нәрсе емес. Бұл - индустриялды революцияның басы ғана. Демек, алда тұрған мақсат-міндеттер көп. Ең соңында жасанды интеллектке келуіміз керек", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
- Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің отставкасына байланысты мәлімдеме жасады
- Мемлекет басшысы Үкіметтің орнынан түсуін қабылдады
- Елбасы: Үкімет отставкаға кетуі керек деп санаймын
- Ақпарат және коммуникациялар саласында қандай өзгеріс күтіледі
-
Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы Конституциялық заңға өзгерістер енгізілді
-
Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесін жаңғырту жөніндегі заңға қол қойды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам