Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Шенеуніктер «Нұрлы жердің» тендерін 30 млн теңгеге сатып жіберді

2018 жылғы 12 шілде 15:27 101
Бөлісіңіз:
Шенеуніктер «Нұрлы жердің» тендерін 30 млн теңгеге сатып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парақор шенеуніктерді ұстады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ұқсас жаңалықтар
Грузияның бұрынғы бас полицейі жемқорлықты қалай жеңгендерін айтты Гүлшара Әбдіқалықова: Жамандық қылсаң пәле күт, бәріне де зауал бар

Агенттіктің ресми өкілі Нұржан Жаxиннің айтуынша, Қостанай облысында әкімдік қызметкерлері мемлекеттік тендерді кәсіпке айналдырып, тапсырысты жасап бергені үшін кәсіпкерлерден ірі көлемде пара алған. Олар кәдімгідей қылмыстық сxемамен жұмыс істеген. Біріншісі - Қостанай қалалық құрылыс бөлімі мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі Жүнісов, екіншісі - облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы Құланбаев.

"Олар өзара сөз байласып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңуге көмек көрсеткен. Сол үшін 30 миллион теңге көлеміндегі пара алды деген күдік бар. Сот санкциясы бойынша Жүнісов және Құланбаев қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бөлім басшысын 1,7 млн теңгемен ұстағаны туралы видеоны жариялаған болатын.

Қарағанды облысы бойынша сот сараптамасы институтының басшылығы патологанатомдық қызметке заңсыз жарнама жасап, сол үшін жүйелі түрде пара алып келген

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT