Шенеуніктер қызметтік көліктерге қанша қаржы жұмсайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шенеуніктер отандық көліктерді көптеп ала бастады. Осы өзгерістерге Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы да ықпал етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұйымның директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алферовтың айтуынша, былтыр алғашқы алты айда мемлекеттік сатып алулар арқылы шетелдік көліктердің сауда-саттығы 12 процентті құраған. Биыл аталған көрсеткіш 5 процентке төмендеді.

«Былайша айтқанда, бүгінде мемлекеттік органдар сатып алатын әрбір 20-шы көлік шетелден жеткізіледі. Өткен жылы бірінші жартыжылдықта 375 шетелдік көлік сатып алынған болатын. Соның бәріне 4 млрд теңге жұмсалды. Биыл алты айда мемлекеттік органдарға тек 92 көлік қана шетелден жеткізілді. Оған 677 млн теңге кетті. Біз аталған мәселені былтырдан бері талқылап келеміз. Осы шаралардың ықпалы да бар. Біз Парламент Мәжілісімен де, Үкіметпен де, құзіретті мемлекеттік органмен де келіссөздер жүргізіп келеміз. Бұл келіссөздердің нәтижесі жоқ емес. Біздің ұсыныстарымыз ескеріледі деп сенеміз. Соның арқасында мемлекеттік сатып алуларды барынша жетілдіруге болады», - деді О.Алферов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
null

Оның сөзіне қарағанда, ұйымның негізгі мақсаты - мемлекеттік органдарда шетелдік көліктерді сатып алуды барынша азайту. Тіпті, мүлдем тыйым салу қажет. Ол үшін бұрынғы шектеуді қайта енгізу керек.

null

Соңғы жаңалықтар