Шенеунік бастығының электронды қолтаңбасымен жарты млрд теңгені заңсыз аударған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жарты миллиардқа жуық бюджет қаражатын банкке заңсыз аудару фактісін анықтады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарованың айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның Астана қалалық департаменті қызмет бабын асыра пайдалану фактісін анықтаған болатын.

«Қазіргі кезде «Астана қаласы бойынша көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Ол басқарма басшысының келісімін алмай, оның электронды цифрлық қолтаңбасын пайдалану арқылы тұрғын алаптарының сыртқы инженерлік желілер құрылысы үшін мердігер мекеменің есепшотына 414 миллион теңгенің бюджет қаражатын заңсыз аударғаны үшін күдікті деп танылды. Департаменттің өтініш xаты негізінде сотпен аталған қаражатқа арест салынды. Сотқа дейінгі тергеу аяқталған соң, «Астана банкі» АҚ тарату комиссиясына аталған 414 миллион теңгені басқарманың есепшотына қайтару жөнінде xат жолдау жоспарланып отыр. Тергеу жалғасуда», - деді Ж.Бастарова Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте үстеме жұмыс мәселесі де сөз болды. Агнттік өкілдері мемқызметкерлерге артық жұмыс істеткен министрліктерді атады.

Соңғы жаңалықтар