Шемонаихада көпбалалы отбасыларға арналған 60 пәтерлік үйдің құрылысы басталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар атқарылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Григорий Акулов ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Ауданда мемлекеттік қордан тұрғын үй бөлу кезегінде 35 көпбалалы отбасы тұр. Оның 19-ы Шемонаиха қаласында, 5 отбасы Первомайский кентінде, Усть-Таловка, Октябрьское және Рулиха ауылдарында екі отбасыдан болса, Жоғары Үбі, Сугатовка, Зевакино, Выдриха, Березовка ауылдарында бір жанұядан. Шемонаихада қаласындағы алты отбасыға жекешелендіру құқығынсыз тұрғын үй берілді. Осы жылдың тамыз айында тұрғын үйлері апаттық жағдайда деп танылған және кезекте тұрған көпбалалы отбасылар үшін Верх-Уба ауылында 2 жеке тұрғын үй сатып алынды. Екінші жартыжылдықтың басынан бастап екі пәтерлік алты жеке тұрғын үйдің құрылысы басталды. Оларды желтоқсан айында тапсыруды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Сондай-ақ былтырғы маусым айында Шемонаихада «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталған.


Соңғы жаңалықтар