Шемонаиха қаласында есірткі сатумен айналысқан екі әйел сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Шемонаиха қаласында синтетикалық есірткіні өткізумен айналысқан азаматтар сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 наурызда ҰҚК қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында интернеттің көмегімен синтетикалық есірткі заттарын өткізумен айналысқан Қазақстан Республикасының азаматтары 53 жастағы Корнева Валентина мен 33 жастағы Лещенко Евгенияны құрықтады.

29 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қылмыскерлерге қатысты үкім шықты. Сот үкіміне сай В.Корнева мен Е.Лещенко ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыс жасағандары үшін кінәлі деп танылды.

В.Корнева - 8,3 жылға, Е.Лещенко - 7,5 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын орташа қауіпсіз мекемеде өтейтін болды.

Оған қоса, аталған сот үкімімен В.Корневаның қылмыстық жолмен тапқан 15 млн теңгеге жуық мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар