Shell Арктикада мұнай өндіруге рұқсат алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ билігі ағылшын-голландиялық Shell компаниясына Арктикада бұрғылау жұмыстарын жүргізуге рұқсатын берді, деп хабарлады ВВС.

Енді биылғы жазында компания Солтүстік Мұзды мұхиттағы бұрғылау жұмыстарын бастай алады.

Алайда, Американың экологтары Ақ үй шешіміне наразылық танытып, мұнай-газ өндірудің Арктикада орасан зор экологиялық зардаптар болатынын ескертті.

2012 жылдың жазында Shell компаниясы Арктика қайраңында бұрғылау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алған болатын, бірақ сол кезде бұрғылау қондырғылары тұрып қалуына байланысты жұмыс жүргізілмеген. Бір жылдан кейін компания жаңа рұқсат алу үшін әуелі қауіпсіздік саласындағы жұмысты қамтамасыз етуге бағытталған барлық проблеманы жоюды қолға алған.

Соңғы жаңалықтар