Шелек ауруханасындағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Шелек ауруханасының ауласында үш адамның өлімімен аяқталған қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кетті. Қайтыс болғандардың екеуі - сантехник, үшіншісі - 34 жастағы дәрігер-травматолог болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қазір ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Марқұмдардың жерлеу рәсіміне әкімдік атсалысады және олардың жақындарына материалдық көмек көрсету жағы да қарастырылып жатыр»,  - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Естеріңізге сала кетейік, Шелек ауруханасының ауласында 5 адам кәріз құдығына түсіп, оның үшеуі улы газ салдарынан қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз. Кәріз жүйесін тазалап жатқан сантехник нәжіске батып, оған төрт адам көмекке ұмтылған еді. Өкінішке қарай, 3 адам нәжістің иісіне уланып қайтыс болды. 

Соңғы жаңалықтар