Шектеу шаралары ауру жұқтыру тізбегін үзеді деп үміттенеміз - Камалжан Надыров

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өткен онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров демалыс күндеріндегі карантин пациенттер ағынын азайтатынына үмітті екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде қаладағы эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстап отырмыз. Қалада бос орындар бар. Алайда ауруханаларға түсіп жатқан аурулар өте көп. Осыған байланысты демалыс күндеріне жарияланған карантин шаралары пациенттер ағынын азайтарына сенімдіміз. Тұрғындарға жауапкершілікпен қарап, мамандардың айтқан талаптарын орындауға шақырамыз», - деді басқарма басшысы Камалжан Надыров.

Айта кету керек, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өткенін жазған едік. Онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралды.

Осыған байланысты қала әкімі карантин шаралары туралы мәлімдеме жасаған еді.


Соңғы жаңалықтар