Шекерадан алты қап пышақ алып өтпек болған шетелдік ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық шекарашылар Қазақстанға қап-қап кездік алып өтпекші болған шетел азаматын құрықтады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған факт «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде анықталған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Жамбыл ауданының полиция бөлімі және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына кірер кезде «Айша бибі» өткізу бекетінде Ресей Федерациясының 52 жастағы азаматының басқаруындағы «ДАФ» маркалы автомашинасын тоқтатып, қарап шықты. Тексеру кезінде көлік құралының жүк бөлігінен қолдан жасалған пышағы бар алты қап табылды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі таңда бұл пышақтар кімге тиесілі, қандай мақсатта шекарадан өткізілмек болғандығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 бабы, 1-ші тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде



Соңғы жаңалықтар