Шекарашылар суық қару мен оқ-дәріні заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 2022 жылдың басынан бері 170 бірліктен астам оқ-дәріні шекарадан заңсыз өткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, шекарадан заңсыз өткізілмек болған қарулардың ішінде 8 мыңнан аса суық қару мен электрлік естен тандыру құралдары бар және оқсыз атылатын қару әкетудің 2 фактісінің жолы кесілді.

Тек соңғы аптада шекаралық бақылау жүргізу кезіндегі тексеру іс-шаралар нәтижесінде 60 аңшылық және 6 зақымдайтын оқ, қолдан жасалған 2 пышақ анықталды.

Барлық жағдайларда ұсталған адамдар мен көліктер процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құзыреті бойынша ішкі істер органдарына тапсырылды.

«ҰҚК Шекара қызметі азаматтарға Мемлекеттік шекара арқылы тыйым салынған заттарды тиісті рұқсат құжаттарсыз алып жүру кезіндегі жауапкершілік туралы ескертеді»,-делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Фото: gov.kz







Соңғы жаңалықтар