+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Шекарашылар «Павлодар - Барнаул» бағытындағы автобустан іздеуде жүрген адамды ұстады

2018 жылғы 24 желтоқсан 11:58
Бөлісіңіз:
Шекарашылар «Павлодар - Барнаул» бағытындағы автобустан іздеуде жүрген адамды ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар іздеуде жүрген адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар шекара отрядының «Шарбақты-авто» өткізу бөлімшесінде өткен түнде «Павлодар - Барнаул» бағытындағы жолаушылар автобусын тексеру барысында екі қазақстандық ұсталды.

«Оларды ұстауға себеп болған 48 жастағы әйелдің косметикалық сөмкешесіндегі қоңырқай сұйықтық (апиын ерітіндісі болуы мүмкін) толтырылған 10 мг медициналық шприц болатын. Шприцті шекарашылардың есірткі іздеуге үйретілген иісшіл ит тауып берген. Ұсталған әйелді және оның жанындағы 37 жастағы серігін ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитетінің ақпараттық сервисі арқылы тексерген кезде, ер адам Ресей Федерациясы Қылмыс кодексінің 162 бабының 2-бөлігі бойынша жасалған (алдын ала сөз байласқан топ құрамында, қару қолданып қарақшылық шабуыл жасау) қылмысы үшін Ресей құқық қорғау органдарының іздеуінде жүргендігі анықталды», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталғандар Шарбақты аудандық полиция бөліміне тапсырылған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT