Шекарашылар бір көлікті неше минут тексере алады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан шекарасының 84 пайызы ешқандай техникалық жабдықсыз, әскермен ғана күзетіледі. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Сенат кулуарында осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Норматив бойынша кез келген көлік өткізу бекетінде адамды тексерудің регламенті 3 минутке дейін деп белгіленген. Жеңіл автокөлікке 15 минутке дейін, жүк көлігіне 30 минутке дейін және автобустарға жолаушының көптігін ескеріп, 45 минутке дейін регламент көзделген», - деді Ерлан Алдажұманов.

Шекара қызметінің директоры бұл регламент шекара қызметіне ғана қатысты екенін ескертті.

«Норматив барынша қысқартылған деп айтуға болады. Заңнаманы бұзбау үшін бір адамды тексеруге шашамен 1 минут кетеді. Өйткені адамның төлқұжат деректері тексеріледі. Мұндай нормативті орындау мүмкін болып отыр деуге келеді», - деді ҰҚК өкілі.


Соңғы жаңалықтар