Шекарашылар 41 жастағы қазақстандық әйелдің көлігінен оқ-дәрі тауып алды

None
None
ҚОРҒАС. ҚазАқпарат - Қорғастық шекарашылар 41 жастағы қазақстандық әйелдің көлігінен оқ-дәрі тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Кеше күндізгі сағат 10:30 шамасында Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығының аумағына жекеменшік «TOYOTA PRADO» автокөлігімен кірмекші болған 41 жастағы қазақстандық әйел ұсталды.

«Әлгі әйелдің машинасын қызметтік итпен тексерген кезде көліктің оң жақ есігінің қуысынан 7,62*39 мм калибрлі 13 дана оқ табылды. Оқтың шығарылған уақыты көрсетілмеген. Автокөлік мөрленіп, кеден қызметінің тұрағына, күзетке қойылды. Істің жай-жапсарын Алматы облысының Панфилов аудандық полиция бөлімі тексеріп жатыр» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар