Шекараны бақылау қызметі штаттық режимде жұмыс істеп тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Бақты кеден бекеті басшысының орынбасары Ербол Нұралин кедендегі жағдайды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта Бақты кеден бекетінде коронавирус бойынша жағдай тұрақты. Бүгін 20 ақпандағы мәліметке сенсек, Қытай Халық Республикасынан кеден бекеті арқылы бір ғана жүргізуші өтті. Басқа ҚХР немесе ҚР азаматтары шекарадан өткізілген жоқ», - деді Е. Нұралин.

Өз кезегінде Бақты ауылдық округінің әкімі Алмас Чушеков халық арасында еш түсініспеушілік болмағанын айтты.

«Бақты ауылдық округі бойынша Корон а вирус инфекциясының Қытайда өршіп жатуына байланысты халыққа түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта ауыл халқында еш түсініспеушілік фактілері тіркелген жоқ. Ауыл халқы қазір тыныш. Атқарылып жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауда», - деді әкім.

Сонымен бірге, ҚазАқпарат Майқапшағай кеден бекетінде түсірілген бейнежазбаны жариялайды.

Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімдігі Зайсан ауданындағы ауруханаларға коронавирус жұқтырған Қытай азаматтары жатқызылады деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеген еді.

«Қытаймен екі арадағы шекара жабылды. Сол үшін барлықтарыңызды сабырға шақырамын. Ал сол елден келген біздің 5 азаматымыз оқшауланып, карантинге жатқызылады. 3 күннен кейін Зайсанға тағы келіп жағдайды бақылаймын», - деді Даниал Кенжетайұлы.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та Зайсандағы жағдайға қатысты пікір білдірді.


Соңғы жаңалықтар