+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Шекаралық бақылау бекеттерінде құжат тексерудің жаңа әдісі қолданылуда

2020 жылғы 25 мамыр 20:08
Бөлісіңіз:
Шекаралық бақылау бекеттерінде құжат тексерудің жаңа әдісі қолданылуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда шекараны шетелдіктер мен қазақстандықтар кесіп өтуге тыйым салынған. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Instagram парақшасында карантиндік шектеулер кезеңіндегі мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі бойынша онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Өздеріңізге белгілі, 51 автомобильдік өткізу пунктінің жиырмасы уақытша жабық. Қазақстан-Қытай шекарасында 3 өткізу пункті, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасында 10 өткізу пункті, Қазақстан-Өзбекстан шекарасында 2 өткізу пункті, Қазақстан-Қырғыз шекарасында 5 өткізу пункті жабық. Бүгінгі таңда шекараны шетелдіктер мен қазақстандықтар кесіп өтуге тыйым салынған. Мұны бәрі түсінуі керек. Дегенмен, шетелдегі Қазақстан азаматтары елге еш кедергісіз келе алады. Ал карантиндік шектеу қойылғанға дейін Қазақстанда қалып қойған шетелдік азаматтар Қазақстаннан шыға алады», - дейді ҰҚК Шекара қызметі Шекаралық бақылау департаментінің орынбасары Олег Кисенко.

«Қауіпті сейілту мақсатында құжатты тексерудің жаңа әдісін ойлап таптық. Ол әдіс өткізу пунктерінде қолданылуда. Адамдармен аз байланысатын әдісті қолдану арқылы дұрыс бақылау қамтамасыз етілді және жеке құрамды ауру жұқтырып алудан қорғадық. Бұл практика алдағы уақытта да жалғасын табады», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT