Шекарадан шабаданға жасырынып өтпекші болған ер адам тұншығып көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испания еліне шабаданға жасырынып, заңсыз өту әрекетін жасамақ болған Марокко азаматы онда тұншығып көз жұмды.

Хабарланып отырғандай, 27 жастағы марокколық азаматты бұл әрекетпен шекара арқылы оның ағасы өткізбек болған. Ол қол жүгін көлігінің жүк салғыш бөлігіне салып, паромға бағыттады.

Кеме Мелильядан (Африканың солтүстік-батысындағы испан бөлігі) Испанияның оңтүстігіндегі Альмерио қаласына жүрген. Сапар кезінде ер адам інісінің тыныс алмай қалғанын байқаған.

Шабадан ашылған соң, жас азаматтың көз жұмғаны анықталды.

Енді қайтыс болған азаматтың ағасы байқаусызда адам өлтіргені үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар