+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Шекарадан экстремистік әдебиеттерді кіргізбек болған үш қырғызстандық құрықталды

2019 жылғы 19 шілде 04:22
Бөлісіңіз:
Шекарадан экстремистік әдебиеттерді кіргізбек болған үш қырғызстандық құрықталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Қырғызстан азаматтары Жамбыл облысына экстремистік әдебиеттерді кіргізбекші болған. Алайда, олар өз мақсатына жетпей қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда көлік иесі мен сатып алушы ХҚО алдында төбелескен ШҚО-да 8 ай бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды Жетісай полицейлері мас күйінде көлік жүргізген әйелді ұстады

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, діни экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы іс-қимыл жасау мақсатында аталмыш департаменттің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүйелі жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және пайдалануға сотпен тыйым салынған экстремистік мазмұндағы 26 кітап тәркіленді.

«Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айларында Меркі ауданында орналасқан «Сыпатай батыр» шекаралық бақылау пункті арқылы сот тыйым салған экстремистік мазмұндағы діни әдебиетті ҚР аумағына әртүрлі уақытта кіргізбекші болған Қырғызстанның үш азаматын ұстады», - дейді облыстық ПД баспасөз қызетінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Ұсталғандардың әрқайсысына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 453-бабы бойынша әкімшілік жаза тағайындалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT