Шекарадан асыл тастарды контрабандалық жолмен алып өтпек болғандар ұсталды

None
None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Шекарадан асыл тастарды контрабандалық жолмен алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жаңа үлгідегі техникалық құралдардың көмегімен Мемлекеттік шекара бұзушыны ұстады.

«Аталған шекараны бұзушы бекітілген өткізу орынынан тысқары жерден айналып өтіп Қырғызстаннан Қазақстанға қарай контрабандалық жолмен декларацияланбаған валюта, бес рубин және бір сапфир тасын алып өткізбекші болған.

Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар