+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Шекарадағы жүк көліктері енді толықтай электронды кезекке қойылады

2020 жылғы 17 қазан 06:10
Бөлісіңіз:
Шекарадағы жүк көліктері енді толықтай электронды кезекке қойылады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы «Nur joly» кеден бекетінде жүк көліктер енді толықтай электронды кезекке қойылады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері Панфилов ауданындағы «Nur joly» бекетінде жүк көліктерінің кептелісі азаяр емес. Оған себеп бұған дейін хабарлағанымыздай Қытай тарапы бізден баратын жүк көліктерін қабылдау санын шектеуіне байланысты. Әрі кетсе күніне 50 шақты жүк көліктерін қатаң санитарлық талаптармен қабылдап жатқан Қытай елімен бұған дейін де бұл мәселе талқыланған. Алайда пандемия барлығына кедергі келтіруде. Қазіргі уақытта жүк көліктері жол бойынде емес, «Құрғақ порт» аймағында арнайы тұрақтарда тұр. Кезек тізімі бекітіліп, сол бойынша жүк көліктері біртіндеп өткізілуде.

«Бұл мәселе жыл басынан туындап келеді. Біз өз тарапымыздан барлық мүмкіндікті жасап жатырмыз. Сол үшін штаб құрдық. Жүргізушілердің жағдайын, кезегін талқылаймыз. Барлығын шешу үшін жұмыс жүргізудеміз. Тізім бойынша жасалған осы кезек аяқталуға жақын. Сосын кезек арнайы сайт арқылы электронды кезекпен жүреді. Кезектен қалып қалған, құжаты дұрыс болмай қалған жүк көліктерін негізгі кезек біткесін оларды кезекке қойып, өткізуге көмек жасаймыз,- деді Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев.

Қазіргі уақытта 400-ден астам жүк көлігі кезегін күтіп тұр. Ендігі кезек gocargo.kz сайты арқы жүргізіледі. Бұл кезекпен «Euro Transit« ЖШС айналысатын болады. Жүргізушілер кезегін онлайн түрде қашан кіретініне дейін бақылап отыратын болады,- деген аудан басшысы кеңейтілген штаб отырысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевқа жүргізушілер шағымы негізінде тексеріс жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT