+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Шекарадағы бақылау күшейтілді – Дәурен Абаев Қытайда өршіген коронавирус жайлы

2020 жылғы 23 қаңтар 21:40
Бөлісіңіз:
Шекарадағы бақылау күшейтілді – Дәурен Абаев Қытайда өршіген коронавирус жайлы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайда өршіген коронавирусқа байланысты екі елдің шекарасында қазірдің өзінде 15 мыңға тарта азамат тексерілген.

Ұқсас жаңалықтар
ТМД елдерінің Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық кеңесі өтті СҚО аудандарына 8 жылжымалы медициналық кешен алынды Қостанайдың қоғамдық бақылау тобы емханалардағы дәрі-дәрмек қорын тексерді

Мұндай деректі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынында да, Қытайда тараған вирус тақырыбы өте резонансты сипатқа ие болды. Біздің азаматтардың алаңдауын түсінуге болады. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз мәслихатын өткізіп, жүргізілген алдын алу шаралары туралы нақты айтылды. Шекарадағы бақылау күшейтілді. Біздің елшілік пен консулдық сондағы азаматтармен байланыста. Шекарадағы өткізу пунктерінде бәрі де контактсыз термомитриядан өтеді. Бортсеріктермен, жолаушылар пойызының жолсеріктерімен профилактикалық шаралар жүргізілуде. Қытайға бара жатқандар үшін арнайы жадынама дайындалды», - деді министр «Ашық диалог» бағдарламасында.

Дәурен Абаевтың келтірген дерегіне сәйкес, шекарада қазірдің өзінде 15 мыңға тарта азамат тексерілген.

«Ауру белгілері ол тексерулерде анықталған жоқ. Әлбетте, бәрі де жағдайды бақылауда ұстап отыр», - деді Дәурен Абаев.

Еске сала кетсек, бүгін Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин Қытайда өршіп жатқан коронавирус Қазақстан аумағында тіркелмегенін мәлім еткен еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT