Шекарада заңсыз бензин алып өтпек болған қырғызстандық ұсталды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстандағы «Чон-Капка-автожол» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары құжаты жоқ жанармайды алып өтпек болған азаматтың жолын кесті, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік шекара қызметінің Қоғаммен байланыс және БАҚ бөлімі мәлім еткендей, Қырғыз Республикасының 1975 жылғы А.Р. есімді азаматы Mercedes-Benz көлігімен Қазақстаннан Қырғызстанға рұқсат құжатынсыз қосымша бактарға құйылған 200 литр бензинді алып кіруге тырысқан.

Контробандаға қатысты құжаттарды шекарашылар құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырды.

Соңғы жаңалықтар