Шекарада Түркияның 6 азаматы жалған құжатпен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның 6 азаматы жалған құжатпен Қазақстан шекарасын қиып өтпек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы» шекара бақылау бөлімшесі жасағы «Тбилиси-Алматы» бағытындағы рейстен Түркияның 6 азаматын ұстады. Олар тексеруге осы елдің азаматтарының құжаттарын ұсынған. Құжаттардан жалған құжат белгілері анықталды», - делінген хабарламада.

Ұсталғандардың айтуынша, олар Қазақстан арқылы Еуроодақ елдеріне шығып кетпек болған. Азаматтардың ұсталғандығы туралы құқық қорғау және  өзара іс-қимыл жасау органдарына хабарланды.  

Соңғы жаңалықтар