Шекарада тәркіленген тауарлар балалар және қарттар үйлеріне берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 42 млн теңгенің тәркіленген тауары 16 әлеуметтік мекемеге таратылып берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

16 әлеуметтік мекеменің арасында балалар үйлері мен қарттар үйлері бар.

2021 жылдың сәуір айында «Бақты» кеден бекетінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері декларациядан өтпеген халық тұтынатын тауарларды (аяқ киім, киім, ойыншықтар, өнерге арналған ) тәркілеген болатын. 982 қораптағы туардың кедендік құны 42 млн теңге.

Тауар ЕАЭО арқылы Венгрияға транзитпен өткен. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Семей көлік прокуратурасы қаулы шығарып, оның аясында заттай дәлелдемелер болып табылатын халық тұтынатын тауарлар кері экспорт кедендік рәсіміне орналастыру үшін ШҚО бойынша МКД-ға берілді.

Алайда тасымалдаушы да, тауардың иесі де кері экспорт кедендік рәсімін мәлімдеу үшін шара қабылдамады.

Шаралардың қабылданбауына байланысты тауар уақытша сақтау қоймасына орналастырылды», - делінген Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарламасында.

Осыған орай, департаментте тұрақты жұмыс істейтін комиссия пайдалануға жарамды тауарларды балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге таратып беру туралы шешім қабылдады. Бөліп беруді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.


Соңғы жаңалықтар