Шекарада автобустан жарты келі марихуана табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Қазақстандық шекарашылар Атыраудан Ресейдің Астрахань қаласына қатынайтын автобустан жарты келі марихуана тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шекарашылар есірткіні автобустағы қол жүктерді тексеру кезінде байқаған.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ақпаратына сәйкес, 13 мамыр  күні, сағат 6.00-де күдікті пакет табылған.

«Пакетті ашып қарағанда, марихуанаға ұқсас қою жасыл түсті өсімдік текті зат табылған. Бірақ, тыйым салынған жүк жолаушылардың қайсысына тиесілі екендігін анықтау мүмкін болмады», - дейді шекарашылар.

Қазіргі уақытта есірткіге қатысты барлық материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. 

Соңғы жаңалықтар