Шекарада 250 келіге жуық иесіз қытай дәрі-дәрмегі табылды - ҚР ҰҚК

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қорғас» Халықаралық шекарамаңы ынтымақтастығы орталығында 4 қорап иесіз қытай дәрі-дәрмегі табылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 қаңтар күні «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының аумағында орналасқан Халықаралық шекарамаңы ынтымақтастығы орталығының шекара кезекшілігі Қытайда шығарылған 4 қорап дәрі-дәрмекті тауып алды. Жалпы салмағы - 94 келіден астам. Иесі анықталған жоқ», - делінген таратылған ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, дәл осындай жағдай екі күн бұрын да орын алған.

«Ол кезде шекарашылар 152 келіге жуық иесіз дәрі-дәрмек тауып алған еді. Табылған препараттар актіленіп «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды», - деді ҰҚК-нің Шекара қызметінен.

Соңғы жаңалықтар