+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Шекара жабылуына байланысты шетелде қалған «болашақтықтарға» 66,4 млн теңге шәкіртақы төленді

2020 жылғы 1 шілде 15:31
Бөлісіңіз:
Шекара жабылуына байланысты шетелде қалған «болашақтықтарға» 66,4 млн теңге шәкіртақы төленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасымен оқуын аяқтағанымен шекара жабылып, әуе қатынастарының тоқтатылуына байланысты шетелде қалуға мәжбүр болған 84 стипендиатқа 66,4 млн теңге мөлшерінде шәкіртақы төленді. Бұл жайында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Назарбаев университетінде білімімді жалғастырмақшымын – Шынар Марс Уханьдағы мектептерде оқу қайта жанданады Келесі жылы «Цифрлық сауат» пәні 1-сыныптан бастап оқытылады

Орталық мәліметінше, аталған стипендиаттардың 45-і қазіргі уақытта елге келді. Ал қалған 39 адам жақын арада оралатын болады. Сонымен қатар, СOVID-19 індеті кезінде Қазақстанға келіп алған 147 стипендиат елімізде қашықтан білім алуын жалғастырып жатыр. Оларға 192,8 млн теңге мөлшерінде шәкіртақы төленіп, 20,5 млн теңге мөлшерінде оқу елінен Қазақстанға дейінгі әуе билеттері алынды.

Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасының 592 стипендиаты шетелде білім алуда.

Айта кетейік, 2020 жылғы 28 наурызда «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгерістер енгізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT