Шекара маңындағы ауылдарда 107 радиотаратқыш орнатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл аяғына дейін шекаралық өңірлерде 107 радиотатарту қондырғысы орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдындағы есептік кездесуінде айтты.

«2021 жылдың соңына дейін шекара маңындағы өңірлерде 107 радиотаратқыш орнатылады. Бұл Qazaq radiosy мен Шалқар радиосының хабар таратуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде 630 мыңнан астам адам тұратын Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының шекара маңындағы аумақтарының 400-ден астам ауылы отандық радиоарналардың хабарларын тыңдау мүмкіндігіне ие болады», - деді министр.

Жалпы, осы бағыттағы жол картасын жүзеге асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай шекара маңындағы өңірлерде тұратын халықтың 95%-ын радиобағдарламалармен қамту көзделіп отыр.

«Бұл халықтық радиостанцияның мерейтойына жақсы сыйлық болады деп ойлаймын. Өз кезегінде, Президенттің ақпараттық контентті идеологиялық толықтыру жөніндегі өзекті тапсырмалары аясында отандық телеарналар да белсенді шаралар қабылдауда. Атап айтқанда, биыл тарихи бағыттағы сериалдар шығару жұмысы басталды. Бұл отандық нарықтағы тарихи тақырыптың үлесін 30%-ға арттыруға мүмкіндік береді», - деді Аида Балаева.


Соңғы жаңалықтар