Шекара маңындағы 374 ауылда мектеп жоқ – Ұлттық экономика министрлігі

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шекара маңындағы 374 ауылдық елді мекенде білім беру объектілері жоқ. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі ашық талқыға шығарған Ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім беру саласындағы проблема білікті кадрлардың тапшылығы, материалдық-техникалық базаның төмен деңгейі, көрсетілетін қызметтердің сапасы болып табылады. 2022 жылғы мәліметтер бойынша 374 шекара маңындағы ауылдық елді мекенде білім беру объектілері жоқ», - деп көрсетілген құжатта.

Сонымен қатар тұжырымдамада шекаралас аумақтарда орналасқан елді мекендерде бар денсаулық сақтау саласындағы мәселелері көтерілген.

«Шекара маңындағы аудандарда халыққа денсаулық сақтау қызметтерін 1 028 медициналық ұйым көрсетеді. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі проблема - дәрігерлер мен медициналық персоналдың жетіспеушілігі, сондай-ақ, 256 ауылдық елді мекенде медициналық объектілердің болмауы», - деп қазіргі мәселелер жазылған құжатта.

Бұған қоса, 671 ауылда спортпен шұғылданатын нысан мен 715 елді мекенде мәдениет үй жоқ.


Соңғы жаңалықтар